Облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жанкелдин ауданы білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ұстаздары – Сейтханова Жұмабике Кәрімханқызы мен Достанова Салтанат Бақытжанқызы 2024 жылғы 26 қыркүйек күні «Сапалы білім беру үрдісінде сандық білім беру ресурстарын қолдану және тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты: білім алушылардың білім беру процесінде белсенді ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстары мен тиімді әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, табысқа жетуге ықпал ететін қазіргі заманғы ойлауды, танымдық қабілеттерді қалыптастыру.
Биология пәні мұғалімі Сейтханова Жұмабике Кәрімханқызы «Биология сабағында сандық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірбиесімен бөлісіп, сабаққа тиімді әдіс-тәсілдерді қалай қолдану жолдарын көрсетті.
Математика пәні мұғалімі Достанова Салтанат Бақытжанқызы «Математика сабағында оқушылардың матаметикалық сауаттылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында қазіргі білім берудің басым мақсаты жалпы білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылатындығы туралы және математика сабағында тиімді әдістердің бірнеше түрінің қолданылуын көрсетті.
Вебинарға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 30 педагогы қатысты.