Облыс оқушылары мен педагогтареріне арналған облыстық вебинарлары
27, 28 қазан күндері «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының педагогтері облыс оқушылары мен педагогтаріне вебинарлар өткізді.
27 қазан күні «Master English» тақырыбында ашық ағылшын тілі сабағы өтті. Сабақты А.В Пугачева өткізді. Сабақ облыс мектептерінің оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған болатын. Сабақ барысында оқушылар бірнеше тақырыпты, соның ішінде Интернет желісін және заманауи технологияларды адам өмірінде қолданудың маңыздылығын талқылады. Осы тақырыптар бойынша лексика егжей-тегжейлі қарастырылып, мұғалім ұсынған тапсырмалар орындалды.
28 қазан күні облыстың сынып жетекшілеріне «Рухани-адамгершілік тәрбие – үйлесімді тұлғаның негізі» атты вебинары өтті. Вебинар модераторлары-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.П. Кандалина және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.П. Баймаганбетова.
Бүгінгі таңда рухани-адамгершілік тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие бойынша мектеп қабырғасындағы оқушылармен жұмыс бағыттары мен нысандары, мектеп мұғалімдері қолданатын педагогикалық технологиялар қаншалықты өзекті – осы мәселелердің барлығы вебинар аясында ашылды.
Бейне вебинарларын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.