«Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсы
Облыстың білім беру мектептері арасында оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау, оқушылардың зерттеушілік мінез-құлқы мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білімді кеңейту және кіріктіру, оқушыларды белсенді оқу-зерттеу қызметіне тарту, сондай-ақ зерттеу қызметін жүргізу білігін дамыту, өз еңбегінің нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конференцияларда, олимпиадаларда ұсыну білігін дамыту және дарынды балаларды қолдау үшін әлеуметтік әріптестікті кеңейту мақсатында 2020 жылғы 22 қыркүйек күні «Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының 2 туры өтті.
Конкурс он-лайн режимінде Google Meet платформасында өтті.
Осы іс-шараға 1 турда ең жоғары ұпай жинаған ОМҒҚ қатысты.
Ережеге сәйкес, «ОҒҚ бейнесі: болашақ» ортақ тақырыбымен біріккен командалар өз ғылыми қоғамының жұмысы бойынша мастер-кластар ұсынды.
2-турдың қорытындысы бойынша 6 ғылыми қоғам жеңімпаз атанды, 4 қоғам конкурсқа белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Р/с № |
Мектеп, өңір |
Орын |
1 |
Гимназия, Жітіқара ауданы |
I |
2 |
№24 мектеп-гимназиясы, Қостанай қ. |
II |
3 |
Н. Наушабаев атындағы гимназия, Тобыл қ. |
II |
4 |
М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі, Қостанай қ. |
III |
5 |
Урицкий мектеп-лицейі, Сарыкөл ауданы |
III |
6 |
М. Мәметова атындағы №4 орта мектебі, Фёдоров ауданы |
III |
7 |
Тимирязев орта мектебі, Сарыкөл ауданы |
грамота |
8 |
№4 мектеп-лицейі, Рудный қ. |
грамота |
9 |
Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Рудный қ. |
грамота |
10 |
№18 мектеп-гимназиясы, Қостанай қ. |
грамота |
Конкурс материалдарымен «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайты мен арнасында танысуға болады.