Оқушыларға арналған онлайн ойын «English – around the world»

     

      

     

    2021 жылдың 25 қараша айында  «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектебі»  КММ, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КММ қолдауымен оқушыларға арналған онлайн ойын «English – around the world» жүргізілді.

    Викторина Қостанай облысының білім беру ұйымдарының ағылшын тіліне қызығушылық танытатын 9 сынып оқушыларының қатысуы үшін ашылды. Викторина елтану тақырыбына сай 30 сұрақтан тұрады. Онлайн ойын quizizz.com. платформасында өткізілді.

    Викторинаның мақсаты мен міндеттері:

    1. 9-сынып оқушыларын ағылшын тілін үйренуге белсенді қатыстыру.

    2. Оқушылардың да, мұғалімдердің де интеллектуалды дамуы, ақпараттық және компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін заманауи, инфокоммуникациялық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

    3. Ағылшын тілді елдердің тарихына, географиясына, мәдениетіне қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша білімді кеңейту және тереңдету.

    4. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру сапасын арттыру.

    Онлайн ойын quizizz.com платформасында өткізілді, жалпы викторинаға 30 минут, ал әр сұраққа 60 секунд берілді (таймер орнатылды). Ойынға жоспарланған тақырып бойынша 30 сұрақ құрастырылған.

    «English – around the world» онлайн ойынына облыстың әртүрлі мектептерінен  267 оқушы қатысты. Ойынға қатысу тегін болды.25.11.21 сағат 15:45-те ойынға қатысу үшін оқушыларға сілтемелер жіберілді. Қатысушылар алдағы онлайн ойынның тақырыбын және бөлінген уақытты білді. Онлайн ойын 16:00 басталып 17:00 (deadline) аяқталды.

    Қорытындылау кезінде, қатысқан 9-сынып оқушыларымектеп атауын көрсетуі ескерілді. Қатысушылардың кейбірі өз мектебін көрсетпегендіктен, мектеп атауын көрсеткен оқушылары таңдалды. Quizziz.comөзінің платформасы есебінде оқушылардың бірнеше рет кіргені, уақыты, орындағаны көрінеді. Сол себепті, ойынға бірнеше рет қатысқан оқушылардың жинаған ұпайлары есептелмеді. Қостанай облысының білім беру ұйымдарының қатысушылардың орындары осылайша бөлінді.

    Бірінші орын – 95% - 100%

    Екінші орын –  85% - 94%

    Үшінші орын – 71% - 84%

    1 орын

    1. Каппасова Диана – 28/30 балл - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі» КММ
    2. Нургалиев Амир – 28/30 балл - «Қостаная қаласының білім бөлімі № 11 жалпы білім білім беру мектебі» КММ
    3. Тайжанов Айзат – 28/30 балл - «Қостаная қаласының білім бөлімі № 11 жалпы білім білім беру мектебі» КММ

    2 орын

    1. Найзабаева Аяна  27/30  - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ

    2. Каирбекова Салтанат          27/30 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Клочков жалпы білім беретін мектебі» КММ

    3. Кутикова Анжела 27/30 – «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» КММ

    1. Тимур           Ермаков 27/30  - «Алтынсарин ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мәриям Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі» КММ

    3 орын

    1. Жирова Софья         26/30 – «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 25 негізгі мектебі» КММ
    2. Кабылбек Мадина 25/30 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ
    3. Демисенова Ясмин 25/30 -  «М. Қозыбаев атындағы № 23 орта мектебі» ММ
    4. Бейсенова Данагүл 25/30 – Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мичурин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
    5. Касымова Ариана 25/30 – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Владимиров жалпы білім беретін мектебі» КММ

    Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және онлайн ойынға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

     

    ИТОГИ