Мектеп дебат клубтарының жетекшілеріне арналған тренинг

     

    Ағымдағы жылдың 17-18 ақпан аралығында «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепте дебаттық қозғалысын дамыту» тренингі өткізілді. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің әдіскері Б.Н.Аканбаев Қостанай облысының ауылдық жерлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 66 дебат клубтарының жетекшілеріне дебат қоғамдастықтарын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

    Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов дебаттық қозғалыстарды жандандыру және мектептегі өзін-өзі басқару туралы постында атап өткендей: «Дебат – бұл зияткерлік рөлдік ойын ғана емес, бұл нағыз білім беру технологиясы. Ол сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады, ақпаратты талдауға, топта жұмыс істеуге, сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге үйретеді. Дебатқа қатысушылар үгіт-насихат пен популистік идеяларға азырақ бейім болады, өйткені оларға қатысу өз ұстанымын дәлелдеу қабілетін қалыптастырады. Бұл дағды нақты өмірге ауысады және жастарды олар алатын ақпарат ағынына қатысты талаптарын күшейтеді».

    Қатысушыларға дебат клубының жұмыс кезеңдері, дебаттың өзекті форматтары көрсетілді. Тренинг барысында мұғалімдерге оқушылардың логикалық және сыни ойлау дағдыларын жақсарту мақсатында практикалық тапсырмалар ұсынылды.