Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математиқалық регата» Республиқалық олимпиадасының қорытындысы
Заманауи мұғалім өзінің кәсіби қызметін тиімді атқаруға көмектесетін бірқатар сапаларға ие болуы керек. Өзін-өзі дамытудың негізгі аспектілерінің бірі - жаңа білім мен дағдыларды игеру. Кәсіби өсуге бағдарланған мұғалім педагогикалық шеберлікті арттыру және өз жұмысының тәжірибесін тарату мақсатында көпшілікке өзін танытуға тырысады. Байқаулар шығармашылық мұғалімнің алдында тұрған өз міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26-27 наурызында Өскемен қаласында «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру.
Қостанай облысынан құрамына: «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Емелин Артем Иванович, «Денисов ауданы білім бөлімінің Баталы жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Демина Людмила Владимировна, Арқалық қаласы білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ мұғалімі Джакетова Сауле Джаксылыковна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы» КММ мұғалімі Ботенкова Ольга Сергеевна кіретін «Стратегтер» командасы қатысты.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай облысының командасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.
Ұстаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!