Лингвистикадан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі
2022 жылдың 24 қарашасында Лингвистикадан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл Лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін 8-11 сынып оқушыларын анықтайтын үшінші іріктеу кезеңі.
Аудандық/қалалық кезеңдерге облыстың барлық өңірлерінен 552 оқушы және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған мектеп қатысты; облыстық кезеңде – 35 оқушы; үшінші кезеңде – облыс қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен 2 оқушы: Якупов Богдан (Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназиясы) және Сливко Сергей (Қостанай қ. физика-математикалық лицейі).
Қатысушылар 3 сағат ішінде 3 тапсырманы шешуі керек болды. 3 турдың есептерін шешу үшін ең жоғары балл 120 баллды құрады (бір тапсырма үшін 40 баллдан).
Олимпиаданың республикалық кезеңінің тапсырмалары манам тілі, Гаити креолы, түрік және парсы тілдерін білуге негізделген.
Гаити креолы – Гаитиде шамамен 12 миллион адам сөйлейтін тіл. Ол француз және кейбір африкалық тілдерге негізделген. Манам тілі – Манам аралында 8 мыңға жуық адам сөйлейтін австронезиялық тіл.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша Сливко Сергей республика бойынша үздіктер қатарына кіріп, 2-орын алды. Сергей лингвистика бойынша оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың қатарына қосылды. Құттықтаймыз!!!