Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың 2-кезеңі

    2024 жылдың 20 қарашасында Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың 2-кезеңі (облыстық) өтті. Бұл – Лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін 8-11 сыныптардың ең мықты оқушыларын анықтауға мүмкіндік беретін екінші іріктеу кезеңі.

    Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық/қалалық кезеңдерде ең жоғары балл көрсеткен және білім бөлімдері ұсынған 27 оқушы қатысты.

    Қатысушылар 3 сағат ішінде 3 тапсырманы шешуі керек болды. 2 турдың тапсырмаларын шешудегі ең жоғары балл 60 баллды құрады.

    Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмалары бірнеше тілді білуге негізделген. Бірінші тапсырманы шешу үшін малагасий тілін білу қажет болды; үшінші тапсырма үшін – тайвань диалектісі хокло тілі. Екінші тапсырманы шешу үшін қатысушылар қытайлық «Өзгерістер кітабын» талдауы керек болды.

    Малагасий тілі австронезиялық тілдер отбасының малай-полинезиялық тармағына жатады. Бұл Мадагаскардың ресми тілдерінің бірі. Ол тілде шамамен 25 миллион адам сөйлейді.

    «Өзгерістер кітабы», түпнұсқада (“И Цзин”) – қытайдың ең көне философиялық мәтіндерінің бірі, оның негізгі бөлігі Чжоу әулеті кезінде жазылған (шамамен б.з.д. 9 ғасыр). Кітап сәуегейлік үшін, атап айтқанда, гексаграмма мәндерін түсіндіру үшін пайдаланылды – мыңжапырақ сабақтарын қолданатын арнайы әдіспен анықталған 6 бүтін немесе үзілген сызықтардың тіркесімі. 64 гексаграмманың әрқайсысы "И Цзиньде" сипатталған белгілі бір мәнге сәйкес келеді.

    Хоклосино-тибет тобының оңтүстік-минь тілдеріне жатады. Ол тілде Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияда шамамен 40 миллион адам сөйлейді. Тайвань диалектісі – хокло Тайваньның ұлттық тілдерінің бірі.

    2-кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 11 жүлдегер анықталды. Олар «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталады, барлық қатысушылар сертификаттар алды.

    Олимпиада қатысушысының ТА

    Сынып

    Өңір

    Мектеп

    Орын

    1

    Тургумбаев Кирилл

    10

    Жітіқара

    Абай атындағы мектеп-лицей

    1

    2

    Костыря Мария

    11

    Рудный қ.

    №5гимназия

    2

    3

    Буркутбаева Даяна

    10

    Қамысты

    № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі

    2

    4

    Кучер Екатерина

    11

    Рудный қ.

    № 1 жалпы білім беретін мектеп

    2

    5

    Абишева Жансая

    11

    Қостанай қ.

    Ы.Алтынсаринатындағы ММГИ

    2

    6

    Мухтаров Мирас

    10

    Жітіқара

    Абай атындағы мектеп-лицей

    3

    7

    Чиханцов Илья

    9

    Сарыкөл

    Урицкий мектеп-лицейі

    3

    8

    Серденбаев Максат

    11

    Қостанай қ.

    Ы.Алтынсаринатындағы ММГИ

    3

    9

    Шегенова Сания

    9

    Сарыкөл

    Тимирязев жалпы білім беретін мектебі

    3

    10

    Бекенбай Дамир

    10

    Алтынсарин

    Ы.Алтынсаринатындағы Обағанжалпы білім беретін мектебі

    3

    11

    Фетисова Маргарита

    9

    Қостанай қ.

    №1 мектеп-лицей

    3

    Олимпиаданың қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 4 желтоқсанына жоспарланған.