Лингвистика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

     

      

     

    2021 жылдың 22 қарашасында лингвистика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл лингвистика пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысу үшін 8-11 сыныптардың ең мықты оқушыларын анықтауға мүмкіндік беретін үшінші іріктеу кезеңі.

    Аудандық/қалалық кезеңдерге облыстың барлық өңірлерінен 512 оқушы және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған мектеп қатысты; облыстық кезеңде - 55 оқушы; үшінші кезеңде - облыстық қорытынды бойынша ең көп балл жинаған 2 оқушы: Яхно Лидия (Лисаков қ. мектеп-гимназиясы) және Сливко Сергей (Қостанай қ. физика-математикалық лицейі).

    Қатысушыларға 3 сағат ішінде 3 тапсырманы шешу қажет болды. 3-турдың тапсырмаларын шешу үшін ең жоғары балл 60 балды құрады (бір тапсырма үшін 20 балдан).

    Олимпиаданың республикалық кезеңінің тапсырмалары паме - солтүстік пен орталық тілдері және вальбири тілінің диалектілерін білуге негізделді. Сонымен қатар, XVIII ғасырдың аяғында ағылшын кемелерінде қолданылған сигналдық жалаулардың көмегімен кодталған хабарламалардың мағынасын ашу қажет болды.

    Паме - Мексикада шамамен 10 мың адам сөйлейтін ото-мангу тілдер отбасының тілі. Вальбири тілі пама-ньюнг тілдер отбасының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Ол тілде Австралияның солтүстігінде 3 мыңға жуық адам сөйлейді.

    3-кезеңнің қорытындысы бойынша Яхно Лидия республика бойынша үздік төрттікке кіріп, 1-орын алды. Құттықтаймыз!!!