«Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымы
ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы 2020 жылдың 5-8 қаңтар аралығында Баку қ. (Азербайджан) «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым ұйымдастырды.
Мәдени-танымдық ауысымның мақсаты - марафонның жеңімпаздарын марапаттау, оқушылардың назарын аудару және географиялық ғылымның алуан түрлілігі мен кең ауқымы арқылы адамзат өркениетінің бірегей мәдени мұрасын тануға ынталандыру, оқушылардың кеңістіктік ой-өрісін кеңейту, демалуға қажетті жағдай жасау және олардың жалпы мәдениетін қалыптастыру.
Мәдени-танымдық ауысымға Республикамыздың барлық өңірлерінен 8 сыныптан 15 оқушы қатысты. Қостанай облысынан «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпазы Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 8 сынып оқушысы Юськова Дарья қатысты.
Экскурсия ескі қаладан, Гейдар Алиев орталығына, Гобустан интерактивті мұражайына, Гобустан қорығына экскурсиядан басталды. Гобустан жартастағы суреттердің ашық террасасына бару. Бакудегі алғашқы мұнай бумының тарихы, алғашқы технологиялардың даму тарихы, ағайынды Нобель, Ротшильды, Рокфеллерлер-Зейналабдин Тагиев сияқты алғашқы мұнай өнеркәсібі бойынша шағын экскурсия. Қатысушылар Бибі-эйбат мешітіне барды. Ауысым бағдарламасына Мярдякан қорғаныс бекінісіне, ашық аспан астындағы Гала мұражай кешеніне, атешгях - отоқоншылар храмына, Раманин бекінісіне бару кірді. Сонымен қатар, Апшерон және Янардаг – жанып жатқан таудың мұнай құятын аудандары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар және олардың ата- аналары сапарды ұйымдастырған Білім және ғылым министрлігіне, сонымен қатар «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығына мәдени-танымдық ауысымды қызықты, танымдық әрі пайдалы етіп өткізуге қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыстарын білдіреді.