«Кітап – асыл қазына» конкурсының қорытындысы

     

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «Қостанай дарыны» ӨОӘО жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 18-19 мамырда «Кітап – асыл қазына» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 8-10 сыныптардың 447 оқушысы қатысты: мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден 148 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептерден 299 оқушы.

    Тестілеу қорытындысы бойынша 112 оқушы жүлделі орындарға ие болды, атап айтқанда, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден 36 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептерден 76 оқушы, сертификаттармен 85 оқушы марапатталды.

    Әулиекөл (87), Қарасу (87) аудандарының оқушылары белсенділік танытты.

    Өңірлер арасында Әулиекөл (13), Жітіқара (16), Қарасу (19), Федоров (13) аудандарының оқушылары кітап бойынша жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Сертификаттар мен дипломдар  http://tiny.cc/kitapasul сілтемесі арқылы 2023 жылдың 5 маусымынан бастап қолжетімді болады.

    Құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ