Әдебиет мұғалімдеріне арналған республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиада қорытындысы
Қашықтық олимпиадалар кез келген қала немесе ауыл мұғалімдеріне өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік береді. Олимпиаданың барлық қатысушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік алады.
Интернеттің пайда болуы оқыту мен оқуға болатын жаңа тәсілдерді ашты.Желілік ресурстарды пайдалану міндеттерінің бірі-мұғалімдердің өз бетінше жұмыс істеуге уәждемесі. Интернетті пайдалана отырып жүргізілетін дербес жұмыстар репродуктивті, ішінара-іздеу және шығармашылық қызмет түрлерін қамтиды.
Республиканың 3000-нан астам мұғалімдері әдебиеттік оқу (бастауыш сыныптар), қазақ және орыс әдебиеті бойынша мұғалімдерге арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдебиеттік оқу бойынша 62 педагог жүлдегер атанды. Оның ішінде І орын – 2 қатысушы, ІІ орын – 21 және ІІІ орын — 39 қатысушы.
Қазақ әдебиеті мұғалімдері арасында 12 педагог жүлдегер атанды. Олар ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Орыс әдебиетінің 43 мұғалімі өткізілген олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Олар 12 бірінші, 15 екінші және 5 үшінші орындарды иеленді.