"География сабағында сандық, салыстыру әдістерін тиімді қолдану жолдары" вебинары

    2022 жылғы 22 сәуірде «География сабағында сандық, салыстыру әдістерін тиімді қолдану жолдары» вебинары өтті.

    Вебинарды Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімдері М.Ж. Зейнуллина және Н.М. Еликбаева өткізді.

    Вебинар барысында педагогтар тақырып бойынша материалды түсіндіру және ұсыну әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Вебинар қатысушыларына есептер мен оларды шешу жолдары, сонымен қатар бірнеше есептерді өз бетінше шешу ұсынылды.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 5 өңірінен 25 педагог және әдіскерлер қатысты.

    Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.