Физика пәнінен он-лайн сабақ
2020 жылғы 27 сәуір күні облыстың олимпиадалық резерві үшін физика пәнінен үшінші он-лайн сабақ өтті.
Бұл сабақтың тақырыбы: «Физика пәнінен олимпиадаларына өз бетінше дайындығы бойынша ұсыныстар».Жаттықтырушы - Женис Кенжекей, дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының физика пәні мұғалімі – қорытынды сабақта физика пәнінен олимпиадаларына өз бетінше қалай дайындалу керектігі туралы ұсыныстар берді.
«Физикалық олимпиада немесе жалпы олимпиада деген не?», «Табысқа жету үшін не қажет?» деген сұрақтарға жауап берді. Оның пікірінше, табыстың құпиясы оқушының жоспарлы, жүйелі дайындығы мен өзіндік жұмысында жатыр.
Өткен сабақтардағыдай Ж.Кенжекей олимпиадаға дайындалуға көмектесетін пайдалы ресурстармен: оқу және ғылыми-танымдық әдебиет, есептер жинағы, сайттар, монографиялар, журналдар және т. б. бөлісті.
Сабаққа Қостанай, Лисаков қалаларынан, Әулиекөл,Жітіқара, Қамысты, Меңдіқара аудандарынан 38 оқушы мен педагог қатысты.