Физика пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешудің инновациялық тәсілдері: теориядан практикаға
2024 жылғы 21 және 28 қазан күндері «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы республикалық олимпиаданың аудандық және қалалық кезеңдерінде қазылар алқасының құрамына кіретін физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шараның басты міндеті педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушыларды олимпиадаларға табысты қатысуға дайындау болды.
Іс-шараға облыстың 16 ауданы мен 4 қаласынан 25 педагог қатысты. Семинарды «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ физика пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Серік Мақсат Маратұлы өткізді. Ол өзінің бірегей әдістемелерімен және тәсілдерімен бөлісіп қана қоймай, қатысушыларға Республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға қиындық туғызатын олимпиадалық тапсырмаларға терең талдау жасауды да ұсынды.
Мұғалімдер күрделі тапсырмаларды талқылап, талдауға белсенді қатысты. Бұл олардың әрқайсысына өздерінің сараптамалық құзыреттілігін арттыруға және оқушылармен жұмыс істеу үшін жаңа біліммен қарулануға мүмкіндік берді.