Биология пәнінен интерактивті сабақ
2020 жылғы 7 ақпанда «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ Лицей-интернаты» КММ базасында 7 сыныптарда «Биология» пәні бойынша облыстық on-line сабақ өтті.
Ағылшын тілінде сабақты биология мұғалімі, CLIL әдістемесі бойынша республикалық тренер Серғазы Пернебаев жүргізді. Сабақтың тақырыбы: «Тірі организмдердің бес патшалығының жалпы сипаттамасы: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар».
Сабақ өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелі топтарымен: Патшалықтармен, Түрлермен, Бөлімдермен, Сыныптармен таныстырды. Сабақ барысында оқушылар жүйелеу мағынасын түсіндіруді және тірі ағзалардың жүйелі жағдайын анықтауды үйренді.
Осы сабаққа Қостанай облысының 74 білім беру ұйымы қосылды.