Балқан математикалық олимпиадасы: қостанайлықтар жеңіс тұғырында!
2022 жылғы 4-9 мамыр аралығында Ларнака қаласында (Кипр) Балқан математикалық олимпиадасы (ВMO) өтті. BMO – Еуропа елдері ұлттық мектеп олимпиадалары жеңімпаздарының халықаралық жарысы.
Биылғы олимпиадаға 15 ел қатысты. Оның қатарында Албания, Болгария, Кипр, Черногория, Румыния, Сербия, Әзірбайжан, Италия, Сауд Арабиясы, Қазақстан және басқа да мемлекеттер болды.
Біздің еліміздің командасы Алматы, Атырау, Ақтау, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларынан келген – республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған 6 оқушыдан жасақталды.
Математикадан Қостанай командасының көшбасшысы – Жан Даутов осы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды. Бұл қостанайлықтардың Математикадан Балқан олимпиадасындағы алғашқы жеңісі! Жанды және оның жаттықтырушысы әрі тәлімгері Дарын Сейдуаланы тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!!