Ауылдық жалпы білім беретін мектепте дарынды балаларды дамыту және қолдау» облыстық вебинары
2022 жылғы 27 сәуірде «Ауылдық жалпы білім беретін мектепте дарынды балаларды дамыту және қолдау» облыстық вебинары» атты облыстық вебинар өтті.
Сарыкөл ауданының Тимирязев жалпы білім беру мектебінің педагогтары дарынды балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп қызметінің негізгі бағыттары өлкетану, спорттық туризм, оқушылардың жобалық қызметі болып табылады.
Вебинар педагог-спикерлерінің баяндамаларында дарынды балалармен жұмыс туралы көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар айтылды. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары С.У. Бралина өлкетану туралы білім алушыларды практикалық-зерттеу қызметіне тарту тәсілі ретінде айтып берді. Кіші отанды зерделеу, туған өлкені зерттеу аудан, облыс аумағында да, одан тыс жерлерде де іздеу-өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру арқылы өтеді. Осындай экспедициялардың қорытындысы оқушылар мен педагогтардың зерттеу жобалары болып табылады.
Биология мұғалімі Г.Е. Жаулебаева STEAM оқыту жүйесі негізінде биология сабақтарының және сабақтан тыс қызметінің практикалық бағытын жүзеге асыру туралы; дарынды оқушыларды дамытуда сабақ және сабақтан тыс қызметтің интеграциясы туралы тарих мұғалімі М.К. Шегенова айтып берді.
Спорттық дарындылықты туристік қызмет арқылы дамыту туралы дене шынықтыру мұғалімі А.Т.Шаймерденов айтып берді. Аудандағы жалғыз мектепте «Сарыкөл» ҮЕҰ мен демеушілердің грантына орнатылған скалодром бар екенін айтты. Спорттық туризм мектебінің командасы - спорттық бағдарлау, жаяу және спорттық туризм, құзға шығу бойынша облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері мектеп пен оның педагогикалық ұжымы дұрыс бағытта дамып келе жатқанын дәлелдейді.
Вебинарға облыстың 12 өңірінен 35 білім беру ұйымдарының 57 педагогтары мен әдіскерлері қатысты.
Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.