Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы

    «ЕЛ ҮМІТІ» бастамасын іске асыру мақсатында бесінші жыл қатарынан ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізіліп келеді.

    Олимпиада ауылдық жерлердегі мектептердің 6 сынып оқушыларына қолдау көрсетуге және дамытуға бағытталып, екі кезеңде өтті. Бірінші тур логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтыды және ол 2024 жылдың 30 сәуірінде онлайн режимінде ұйымдастырылып, оған 3212 оқушы қатысты.

    Олимпиаданың екінші турына 226 оқушы қатысып, математикалық сауаттылық, мемлекеттік/орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалады. Республиканың 1000 оқушысы олимпиаданың жеңімпаздары атанды, оның ішінде Қостанай облысынан 33 оқушы бар.

    Олимпиада жеңімпаздарына бөлінген квотаға сәйкес еліміздің дарынды балаларына арналған мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік беріледі.

    Құттықтаймыз!