7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
А.ж. 3-4 мамыр аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада 1 турда өтті. Қатысушыларға 12 жалпы білім беретін пән бойынша классикалық олимпиадалық тапсырмалар ұсынылды: тапсырмалар, эссе жазу, мәтінмен жұмыс, тест және грамматикалық тапсырмалар. Информатика бойынша қатысушылар бағдарламалау бойынша тапсырмаларды орындады.
Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен және дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 289 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен 109 жүлделі орын берілді, оның ішінде 23 бірінші, 35 екінші және 51 үшінші орын.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ең жоғары балл жинаған жүлдегерлер Астанада өтетін олимпиаданың соңғы кезеңіне біздің облыстың атынан қатысады.