7-10 сынып оқушылары арасында «Around the world» елтану бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2021 жылдың 1-2 сәуірінде 5-10 сынып оқушылары арасында «Around the world» елтану бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - тілтанымдық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оларды ағылшын тілін үйренуде табысқа жетелеу, ағылшын тілді елдер, олардың салт-дәстүрлері туралы білім алуға ынталандыру.
Оқушыларға параллельге байланысты елтану бойынша ағылшын тілінде 25-тен 33-ке дейін тапсырмалар ұсынылған. Сұрақтардың тақырыбы: әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, мерекелер, әдебиет, ағылшын тілді елдердің табиғаты. Тапсырмалар олимпиадаға қатысушының оқыту тіліне қарамастан әзірленді.
Олимпиадаға Қостанай облысының 19 өңірінен 2 842 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен 937 (33 %) оқушы қатысты. Олимпиадаға Науырзым ауданының дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ. Қатысушылардың аз саны Амангелді, Әулиекөл, Жангелдин, Денисов, Сарыкөл және Меңдіқара аудандарынан қатысты.
Өңірлер арасында Рудный қ., Қостанай қ. және Қостанай ауданын атап өтуге болады (сәйкесінше 892, 633 және 349 қатысушы).
Осы олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 5-ші және 10-шы сынып оқушылары - 620 және 637 оқушы болды. Олимпиада қатысушыларының қатарында облыс колледждерінің 1 курс 357 студентері болды.
Олимпиада тапсырмаларын 871 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 194 оқушы 1 орын, 315 оқушы 2 орын және 362 оқушы 3 орын алды.
Өңірлер арасында ең нәтижелі Алтынсарин және Қарабалық аудандары болды.
Колледж студенттері 101 жүлделі орынға ие болды: 11 бірінші, 43 екінші және 47 үшінші.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттарын алды, ал жүлдегерлерге дипломдар беріледі.