5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

     

      

     

    2021 жылдың 12 қарашасында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасы бастау алды.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмыс аясында ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған оқушыларды анықтау.

    Олимпиада 4 кезеңде 8 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі: математика; жаратылыстану; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі; қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі; ағылшын тілі; Қазақстан тарихы. Олимпиаданың әрбір қатысушысы бір пән бойынша тапсырмаларды орындайды.

    Олимпиаданың мектеп кезеңі облыстың барлық өңірлерінде өтті. Мектеп кезеңіне облыстың 372 мектебінен 8 275 қатысушы, оның ішінде ауыл мектептеріннен 2 532 оқушы қатысты.

    26 қарашада олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі өтті, оған мектеп кезеңінің жеңімпаздары облыстың 346 мектебінен 2196 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен - 1449 оқушы қатысты. Кезең қорытындысы бойынша әр өңірден командалар құрылды.

    Олимпиаданың облыстық кезеңі 7 желтоқсанда бүкіл ел бойынша бірыңғай уақытта өтті. 2 кезеңнің 255 жеңімпазы облыс деңгейінде өз өңірінің намысын қорғады. Олимпиаданың тапсырмалары тест түрінде ұсынылды (30 сұрақ, олимпиаданың ең жоғары балы - 60 балл). Қатысушылардың ең көп саны ағылшын тілі (40 адам), Қазақстан тарихы (39 адам) және ағылшын тілі (39 адам) пәндеріне берілді.

    Облыстық кезеңінің жеңімпаздары 57 оқушы атанды, олардың 12 - І орын, 21 - ІІ орын және 24-ІІІ орындарға ие болды.

    Олимпиаданың барлық қатысушылар сертификаттарға, ал жүлдегерлер  - «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдарына ие  болады.

    13 желтоқсанда олимпиаданың қорытынды кезеңі өтеді, ол республика деңгейінде пәндердің үздік білгірлерін анықтайды. Облыстық командаға 3 кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған оқушылар кірді.

     

    ИТОГИ