2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізу қорытындысы
2020 жылғы 16-20 маусым аралығында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ республикалық математикалық турнирі алғаш рет онлайн режимінде өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларды қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту.
Үздік атаққа 47 команда, Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 2-4 сыныптардың 141 оқушы қатысты. Сондай-ақ, турнирге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Республикалық физика-математика мектебінің және Жекеменшік білім беру ұйымдары республикалық қауымдастығының командалары қатысты.
Турнирдің республикалық кезеңі үш турда өткізілді (ZOOM платформасының көмегімен және http://physmathacademy.eduterra.pro сайтында):
1 тур – «Әу, баста!»(командалық есеп);
2 тур- «Асық» (командалық есеп);
3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Турнир командалық және жеке сынақпен ерекшеленеді. Қатысушылар мектеп жасынан бастап міндеттерді ұжымдық шешуге, шешім нұсқаларын бір-бірімен келісуге үйренеді. Жеке есепте тапсырмаларды шешу ғана емес, сонымен қатар ауызша түрде өз шешімін негіздеді.
Қостанай облысының командасын Қостанай қаласының екі мектебі – №24 мектеп-гимназиясы және физика-математикалық лицейі - турнирдің облыстық кезеңінің жеңімпаздары ұсынды. Балалар математикалық білім мен сыни ойлаудың жоғары деңгейін, ынтымақтастық дағдыларын және командада жұмыс істей білуді көрсете отырып, барлық сынақтарға лайықты төтеп берді.
Турнир қорытындысы бойынша №24 мектеп-гимназияның командасы мен физика-математикалық лицей командасы І орынды иеленді.
№ 24 мектеп-гимназиясының жеке сынағында:
Ғазиз Дінмұхаммед - 1 орын
Вячеслав Малиновский - 3 орын
Ануар Аймакенов - 1 орын
Физика-математикалық лицейі:
Наргиз Исенбаева - 2 орын
Дарья Орлова - 2 орын
Агзамали Тобылбаев - 2 орын
Командалық және жеке сынақтардан жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.