“Country studying” бірінші ойын-викторинасы

    2020 жылғы 16 сәуір күні Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «The UK» тақырыбы бойынша Country studying бірінші зияткерлік ойын-викторинасын өткізді.

    Викторина Қостанай облысының білім беру мекемелерінің ағылшын тіліне, тарихқа, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің географиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын 10 сынып оқушылары үшін ашық болды.  

    Викторинаның мақсаты мен міндеті:

    1. 10 сынып оқушыларын ағылшын тілін үйренуге белсенді тарту.

    2. Білім алушылар мен педагогтердің зияткерлік дамуы, ақпараттық-компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін заманауи, ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктер ұсыну.

    3. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихына, географиясына, мәдениетіне байланысты сұрақтардың кең щеңбері бойынша білімдерді кеңейту мен тереңдету.

    4. Ағылшын тілін үйреніп жүргендердің меңгеру сапасын арттыру.

                Ойындардың бұл сериясы елтану бойынша білімдерді кеңейту мен тереңдетуге арналған.

                Ойын-викторина солай «Country studying» деп те аталады. Кезекті ойынға дайындала отырып, оқушылар әр уақытта алдын ала дайындалып, ағылшын тілінде сөйлейтін кез келген елдің тарихын, географиясын, мәдениетін зерделейтін болады деп үміттенеміз. Себебі бұл ойындардың мақсаты – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту, ал ойын өзін-өзі іске асыру тәсілдерінің бірі болып табылады.

    Осы іс-шараға сұрақтарды дайындай келе, оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың даму деңгейі және олардың қарастырылатын тапсырмаларды қабылдауға даярлығы ескерілді. Сұрақтар «қарапайымнан күрделіге», «теориядан практикаға» қағидаты бойынша құрылған.

    Ойынның мақсаты жеңімпаздарды анықтау емес, оқушыларды келесі ойындарға қызықтыру және тарту болды.

    Бірінші ойын-викторина Kahoot.com платформасында өткізілді, 45 минут ішінде әр сұраққа 90 секунд берілді (таймер орнатылған). Викторина жоспарланған тақырып бойынша 30 сұрақтан тұрды.

    Kahoot.com – бұл кез-келген пәнді, кез-келген тілде, кез-келген құрылғыда, барлық жас үшін оқуды қызықты ететін тегін оқыту ойын платформасы! Әрбір ойыншының нәтижелері (балл-рейтинг) ақылы болады, бұл жайт - платформаның бірінші кемшілігі.

    Ойыншылардың Kahoot.com платформасына қатысуы қатысушылардың Nickname бағанында ЖСН арқылы жүзеге асырылды. Барлық қатысушылар өздерінің академиялық адалдықтарын көрсете алмады. Олар, ойынға дайындалу үшін платформаға басқа атымен кіріп, ойыншылардың санын көбейтті, қатысушылардың лимитін сарқып, басқаларға мүмкіндік бермеді.

    Ойын ойластырылса да, ұтылып, түгенделсе де, 16:00-ге дейін deadline қарастырылған, бірақ қатысушылар лимитінің артуы да осы жағдайға әсер етті.

    23 сәуірге жоспарланған екінші ойын шарттарды өзгерумен өтеді: deadline уақыты сағат 14:00-ге дейін қысқартылды; қатысушылардың санын алдын ала мәлімдеу қажет.

    БІРІНШІ ОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША:

    Барлығы қатсты: 94 қатысушы

    Барлығы да 30 сұрақтың ішінен 30 ойналды

    Дұрыс жауаптардың жалпы саны (%) - 42,69%

    Қате жауаптардың жалпы саны (%) - 57,31%

    Кері байланыс ойын оқушыларға өте ұнады (5 баллдың ішінен 5)

    Қаншалықтық қызықты - (5 баллдың ішінен 5)

    Көңіл-күйі - көтеріңкі