Әл-Фараби атындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша халықаралық олимпиаданың қорытындылары
2020 жылдың 30 қазанында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 10 сынып оқушылары үшін Әл-Фараби атындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша қашықтықтан Халықаралық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау, оқу пәндеріне қызығушылықты дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың мәдени диапазонын кеңейту, өз білімдері мен дағдыларын баламалы бағалау мүмкіндігін беру.
Олимпиадаға республиканың барлық өңірлері қатысты, оның ішінде Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 548 оқушысы. Ең көп қатысушылар география (171 оқушы) және биология (129 оқушы) бойынша тапсырмаларға жауап берді.
Орындар саны бойынша ең нәтижелі география бойынша қатысушылар иеленді - 132 жүлделі орын, сапа % – 77, 2% және химия бойынша – 41 жүлдегер, сапа % – 65,1 %.
Жалпы, 345 қатысушы 102 бірінші, 97 екінші және 146 үшінші орындарды иеленіп, олимпиаданың жүлдегерлері атанды.
Барлық жүлдегерлер «Дарын» ӨҒПО дипломдарымен марапатталады.