Қостанайлық 8-сынып оқушысының «Жібек жолы» XX Халықаралық математикалық олимпиадасының қола медалі!
2021 жылдың 9-10 наурызында қашықтық форматта XXXIII Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық қашықтық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» XX Халықаралық математикалық олимпиадасы (ЖЖМА) өтті. Бұл математикадан мықты дарынды оқушылардың зияткерлік сайысы.
Олимпиадаға қатысуға математика пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ғана жіберілді. Мамандандырылған және инновациялық мектептерінің 5 оқушысы Қостанай облысымыздың намысын қорғады.
Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Даутов Жан «Жібек жолы» XX Халықаралық математикалық олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жан мен оның ұстазы, математика пәнінің мұғалімі Сейдуалы Дарынды лайықты табыспен құттықтаймыз!