«Жеке тұлғаның, мектептің және жалпы мемлекеттің мүддесі үшін дарынды балаларды дамыту және қолдау» атты облыстық вебинары
2022 жылдың 18 қаңтарында «Жеке тұлғаның, мектептің және жалпы мемлекеттің мүддесі үшін дарынды балаларды дамыту және қолдау» атты облыстық вебинар өтті.
Бұл вебинар 2022 жылы облыстың білім беру ұйымдары тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері бойынша өз тәжірибелерін ұсынатын вебинарлар сериясында бірінші болып атанды.
Дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін Денисов ауданының № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің педагогтері ұсынды. Мектептің дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесі аталған мектеп директорының орынбасарлары Л.А. Гуменюк пен Г.Ж. Сәденнің сөздерінде айқындалды.
Бастауыш сынып оқушыларының жұмыс тәжірибесімен В.В. Иванова, ал қазақ тілі сабақтарында Б.Б. Достанова бөлісті.
Вебинар жұмысына Қостанай облысының 10 өңірінен 32 білім беру ұйымдарының 98 педагогтері мен әдіскерлері қатысты.
Вебинардың видеосы «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан мына https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ/playlists сілтеме бойынша табуға болады.