«Жаңашыл психолог – жас психологқа» вебинары
- Умуртаева Гульмира Аузбаевна, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының психологы;
- МолдагалиеваЕльнараБолатхановна, дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының психологы.
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру, мамандандырылған білім беру ұйымдары психологтарының үздік жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында ағымдағы жылғы 8 сәуірде Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтары үшін мемлекеттік тілде «Жаңашыл психолог – жас психологқа»вебинары өтті.
Вебинар жаттықтырушылары:
Вебинар 2 кезеңде өтті: теориялық бөлімде тренерлер қатысушылармен оқушылардың дарындылығын анықтау әдістерін талқылады, практикалық бөлімде білім алушылар үшін ақпараттық ағынның тұрақты өсуі және білім беру сапасына қойылатын өзгеруші әлеуметтік-экономикалық факторлар жағдайында осы әдістерді іске асыру алгоритмдерін қарастырды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.