«Зерде» 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары республикалық конкурсының облыстық кезеңі

    Балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және кіші және орта буын оқушыларының жеке тұлғасының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында, 2022 жылғы 10 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

    Биылғы жылы конкурсты өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді: жобаларды бағалау критерийлері өзгертілді, жаңа секциялар, соның ішінде «Туризм және спорт», «Технология және өнер» секциялары қосылды, математика және информатика секциялары бөлінді және т.б.

    2-4, 5-7 сынып оқушыларының жобаларын қорғау дәстүрлі форматта өтті, қатысушыларға да, қазылар алқасының мүшелеріне де әңгімелесуге және қатысушыларға сұрақтар қоюға, бір-бірінің жобаларын тыңдауға, сондай-ақ секция жұмысы аяқталғаннан кейін бірден қазылар алқасы мүшелерінің қолынан бағалы дипломдар алуға мүмкіндік берді.

    Байқаудың қазылар алқасының құрамына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Өңірлік дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризм орталығы, Қостанай қ. А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқытушылары кірді.

    Конкурсқа барлығы 203 жоба қатысты (236 қатысушы), оның ішінде 33 – командалық. Жүлделі орындарға 110 жоба (135 қатысушы) ие болды, оның ішінде I орын – 24 жоба, II орын – 37 жоба, III орын – 49 жоба.

    Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша Қостанай қаласы (95,8 %), Жітіқара ауданы және Рудный қаласы (81,8 %), Сарыкөл ауданы (63,6%) жақсы нәтиже көрсетті. Қарасу ауданы оқушылары 0 % нәтиже көрсетті.

    Мамандандырылған білім беру ұйымдары өз жобаларымен табысты өнер көрсетті: «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты – 66 %, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты – 41,7 %, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты – 100 %.

    Жеңімпаздар байқаудың 2023 жылдың қаңтар айында өтетін соңғы кезеңіне біздің өңірдің атынан қатысады.

    Призеры