«Заманауи білім беру ортасында дарындылықты дамыту» вебинары

     

      

    Ағымдағы жылдың 16 наурызында «Заманауи білім беру ортасында дарындылықты дамыту» атты облыстық вебинары өтті. Қарасу ауданының Темір жол жалпы білім беретін мектебінің ұжымы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін ұсынды.

    Вебинардың мақсаты: дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша педагогикалық тәжірибемен алмасу.

    Вебинар спикері директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары А.М. Муносибшоева сөз сөйледі. Вебинар барысында дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін көрсеткен мектеп педагогтары: психолог С. А. Пчелинцева, бастауыш сынып мұғалімі А.В. Даневская, математика мұғалімі Б.К. Ельбаева, тарих және қоғамтану мұғалімі А.Ж. Байдельдинов сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы бастауыш (жаратылыстану сабақтарында) және аға буында (математика, тарих және қоғамтану сабақтарында) дарынды балалармен жұмыс жасаудың өз жүйесін ұсынды, сабақта да, сабақтан тыс уақытта да дарынды балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен тәсілдерімен бөлісті.

    Вебинар жұмысына облыстың 16 өңірінен 60 білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің 97 педагогтері мен әдіскерлері қатысты.

    Вебинар материалдары «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтында, ал видео - арнасында орналастырылады.