«Ынталандырамыз, шабыттандырамыз, дамытамыз: дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі» облыстық семинары

    Ағымдағы жылғы 10 қазанда «Рудный қаласы білім бөлімінің № 5 гимназиясы» КММ базасында тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Ынталандырамыз, шабыттандырамыз, дамытамыз: дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

    Соңғы 3 жыл ішінде № 5 гимназия жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша республиканың үздік 100 мектебінің қатарына кіреді. Гимназия оқушылары жыл сайын Қостанай облысының қоржынын медальдармен тұрақты түрде толықтырып келеді. Биыл 5 қатысушының ішінен 2 медаль – алтын мен күміс – осы мектептің және олардың ұстазы Светлана Алексеевна Горевойдың жүлделі орындары. Тағы 2 медаль – 2 күміс – Қостанай қ. М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің және тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Марина Александровна Ленивованың жүлделі орындары.

    Олимпиадаларға дайындау ісінде мол тәжірибесі бар осы ұстаздар семинарда оқушыларды олимпиадаларға қалай дайындау керектігін түсіндіріп, аша алды. Оқушыларды олимпиадаларға дайындау алгоритмін ұсынды (эссе тақырыбын анықтау, есептер мен тесттерді шешу бойынша жұмыс, олимпиадалық резерв мектебінің КТЖ, апелляция), оқушылардың сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша бай материал алды.

    № 5 гимназияның тарих пәні мұғалімдері Петрова Марина Юрьевна мен Испамбетов Мирас Кайдарович дарынды балалармен тарих және құқық бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, олар өздерінің дарындылық элексирінің рецептін әзірлеуді және фасилитациялық карточкалар мен маршруттық карталарды, сондай-ақ әртүрлі Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, тарих пәні сабақтарында оқушылармен жұмыс істеу тәсілдерін таңдауды ұсынды.

    Семинар барысында қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап алды: олимпиадаларға кімді дайындау керек және оларға қалай дайындау керек, сонымен қатар жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі педагогтарға да пайдалы болатын көптеген әдістемелік материалдар алды.

    Семинарға қатысушылар рефлексия қорытындысы бойынша оң пікірлер берді: «Рудный қаласының №5 гимназиясының басшылығына, әкімшілігіне және педагогикалық ұжымына семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны, мазмұнды, қызықты, қолжетімді материал ұсынғаны үшін алғыс айтқымыз келеді. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Семинар өте пайдалы және танымдық болды. Қоржынымызды қампитып қайттық».

    «Рудный қаласы білім бөлімінің № 5 гимназиясы» КММ ұжымына (директоры Л.Ш. Нурова) семинарды өткізгені үшін терең ризашылығымызды білдіреміз. Семинарды өткізуге көмектескені үшін Марина Александровна Ленивоваға алғыс айтамыз.