«Understanding and recalling Spoken English» вебинары
2020 жылдың 29 қыркүйегінде ағылшын тілінен «Understanding and recalling Spoken English» тақырыбында алғашқы сабақ өтті.
Сабақты дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының ағылшын тілі мұғалімі Ирина Викторовна Сидлецкая өткізді. Педагог ұсынылған тақырып бойынша оқушылармен бір мәтін мысалында жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті.
Вебинар 8-9 сынып оқушыларына арналған. Вебинар жұмысына Қостанай облысы мектептерінің педагогтары да белсенді қатысты.
Вебинар жазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.