«Сабақтарда сараланған және практикалық-бағдарлық тапсырмаларды әзірлеу және қолдану» атты облыстық вебинары
2021 жылдың 29 қыркүйегінде «Сабақтарда сараланған және практикалық-бағдарлық тапсырмаларды әзірлеу және қолдану» атты облыстық вебинары өтті.
Вебинар модераторы – «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.П. Баймағанбетова.
Вебинардың теориялық бөлімінде қатысушылар «саралау» ұғымымен, саралау түрлерімен, сараланған тасырмалар түрлерімен, оқушылардың қабілеттілік деңгейін қалай анықтау керектігімен танысты.
Практикалық бөлімде қатысушылар қабілеттері әртүрлі деңгейдегі оқушылар үшін практикаға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге өздері қатыса алды. Әзірленген тапсырмаларды педагогтер өз сабақтарында да қолдана алады.
Вебинарға облыс мектептерінің, оның ішінде Рудный қаласынан, Қамысты, Әулиекөл, Федоров, Меңдіқара аудандарынан 29 педагог қатысты.
Бейнесабақты «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.