«Roboland-2021» роботты техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі

     

      

     

    2021 жылғы 3-4 желтоқсанда Қарағанды қаласында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, техникалық пәндерді танымал ету, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету мақсатында «ROBOLAND 2021» роботты техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VI фестивалі өтті.

    ROBOLAND - Қазақстандағы алғашқы және ең ірі роботты техникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы.

    Алғашқы «ROBOLAND» фестивалі 2015 жылы 5 номинация бойынша өтті, онда 30 команда жарысты. «ROBOLAND-2015» республикалық фестивалін өткізу қорытындысы бойынша ол халықаралық деңгейге өтті. «ROBOLAND-2016» Ресей, Сербия және Қазақстанның 12 өңірінен 200-ден астам команда мен 400 қатысушы жинады.

    Пандемия кезінде оның мәртебесі халықаралық деңгейден республикалық деңгейге өзгерді. Бұл жолы тек қазақстандық командалар қатысты. Фестивальге еліміздің 11 өңірінен 300-ге жуық оқушы қатысты.

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары Гримаков Илья және Байгенжин Ержан «Білім берудегі робототехника» тақырыбымен шығармашылық категорияға қатысты. Оқушылар қазылар алқасына «Машиналық оқыту элементтері бар балаларды қашықтықтан оқытуға арналған аватар роботын қашықтықтан басқару жүйесі» жобасын ұсынды. Балалар санатына Қазақстан Республикасының 10 қаласынан 12 команда қатысты. Илья мен Ержан 2-орын алды. Қазылар алқасы оқушылардың жұмысын атап өтіп, жобаны жетілдіру бойынша ұсынымдар айтты.

    Оқушылар мен олардың жетекшісі Акнур Ерболкызы Амербаеваны жеңіспен құттықтаймыз! Жаңа және табысты жобалар тілейміз!