«Qabilet» қызметі Федоров ауданының 8-14 жас аралығындағы балалар қабілетінің диагностикасын өткізді

    «Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 10 қазанында Федоров ауданының 8-14 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне «Федоров ауданы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Федоров ауданы білім бөлімінің М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нен 125 оқушы қатысты, оның ішінде 8 оқушы диагностиканың 2 кезеңіне өтті.

    «Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды. 8-14 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді.