«Olympic Summer School» жазғы мектебінің қорытындысы туралы

    2020 жылғы 10 маусым мен 13 тамыз аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикада математика және жаратылыстану пәндері бойынша бірінші жазғы мектепті қашықтық форматында («Olympic Summer School») өткізді.

    Мектепте сабақ беру үшін Қазақстанның үздік мұғалімдері, мектеп олимпиадаларын және басқа да зияткерлік сайыстарды құрастырушылар тобы тартылды. Жазғы мектептің ғылыми жетекшісі - РФММ КеАҚ математика пәнінің үздік мұғалімі И.Ж. Ибатулин.

    Жазғы мектептің негізгі мақсаттары - оқушыларды кәсіби бағдарлау, математика және жаратылыстану пәндерінен зияткерлік жарыстарға қатысуға дайындық, сондай-ақ математика және жаратылыстану ғылымдарының категориялары туралы түсінігін кеңейту.

    Жазғы мектепке алдын ала іріктеуден өткен 10881 оқушының ішінен 1-6 сыныптардың ең талантты білім алушылары іріктелді.

    Іріктеу қорытындысы бойынша 100 қостанайлық оқушы жазғы мектепке «Математика» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша қабылданды.

    Жазғы мектептің жұмысы туралы статистика: 7 үздік оқытушы - 1-6 сыныптардың 1862 оқушысы - 60 минуттық 336 он-лайн сабақ - 105 он-лайн кеңес - 2 ай - математика бойынша - 2719 тапсырма шешімдері және 5958 тест тапсырмаларына жауаптар тексерілді.

    «Дарын» ӨҒПО бірінші жазғы мектептің әр оқытушысына, математика мұғалімдері: И.Ж. Ибатуллин, А.Б. Сабитов, биология мұғалімдері Н.Н.Амердинов, М.В. Панченко, бастауыш сынып мұғалімдері М.М.Кабиева, С.У.Кадырова, А.Б.Шахметоваға алғысын білдіреді.

    Платформаларға уақтылы қосылған, үй тапсырмаларын орындауда қолдау көрсеткен, бір сөзбен айтқанда бірінші жазғы мектептің өтуіне көмек көрсеткен барлық ата-аналарға, әжелер мен аталарға ерекше рахмет айтқымыз келеді!

    Қазақстандағы эпидемиялық жағдай шиеленісіп отыр, сондықтан «Дарын» ӨҒПО өз оқушылары мен оқытушыларының денсаулығына қауіп төндіргісі келмейді: жеңімпаз атанған алтыншы сынып оқушылары үшін уәде етілген мәдени-танымдық ауысым өткізілмейтін болады.

    Жазғы мектептің ұйымдастыру комитеті үздік оқушыларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Қостанайлық балалар арасында ең жоғары жетістіктерге қол жеткізді:

    1. Антон Смирнов (5 сынып, Лисаков қ. мектеп-гимназиясы – математика;

    2. Талғат Латыпов (6 сынып, Қостанай қ. № 7 орта мектебі) - жаратылыстану.

    Құттықтаймыз!!!