«Оқушыларды қашықтықтан оқыту жағдайында олимпиадаларға дайындау» вебинары
Ағымдағы жылдың 17 наурызында «Оқушыларды қашықтықтан оқыту жағдайында олимпиадаларға дайындау» атты облыстық вебинары өтті. Пәндік олимпиадаларға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесін Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы ұсынды.
Вебинар спикері директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.К. Каррамова сөз сөйледі, ол өз сөзінде мектепте қалыптасқан дарынды балалармен жұмыс жүйесі, оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс нәтижелері мен жетістіктері туралы айтты.
Мектеп көптеген жылдар бойы қалалық және облыстық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындау бойынша көшбасшы болып табылады. Жұмыстың көп бөлігін өз пәнімен қызықтыра алатын пән мұғалімдері жүргізеді.
Мектеп педагогтері Л.П. Лозовская, И.Н. Баранникова және Ж.З. Жуматова математика, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы пәндерінен пәндік олимпиадаларға дайындық бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар жұмысына облыстың 12 өңірінен 54 білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің 100 педагогтері мен әдіскерлері қатысты. Алтынсарин ауданы мен Рудный қаласының педагогтері аса белсенділік танытты.
Вебинар материалдары «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтында, видео - арнасында орналастырылады.