«Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының қорытындысы
- № 2 мектеп-лицей, Қостанай қ. – 1-орын;
- Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназия, Қостанай ауданы – 1-орын;
- № 18 мектеп-гимназия, Қостанай қ. – 2-орын;
- № 6 жалпы білім беретін мектеп, Лисаков қ. – 3-орын;
- Гимназия, Жітіқара ауданы – 3-орын.
- № 19 жалпы білім беретін мектеп, Рудный қ. – «Технологиялық және қызметті басқару»;
- № 19 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қ. – «Әртістік және суырып салмалық»;
- Новоселовка жалпы білім беретін мектебі, Әулиекөл ауданы – «Жүйелілік және мазмұндылық».
Облыстың білім беру ұйымдары арасында оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау, оқушылардың зерттеушілік мінез-құлқы мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білімді кеңейту және кіріктіру, оқушыларды белсенді оқу-зерттеу қызметіне тарту, сондай-ақ зерттеу қызметін жүргізу білігін дамыту, өз еңбегінің нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конференцияларда, олимпиадаларда ұсыну білігін дамыту және дарынды балаларды қолдау үшін әлеуметтік әріптестікті кеңейту мақсатында, 2022 жылдың 6 қазанында «Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының екінші кезеңі өтті.
Байқауға іріктеу кезеңінен өткен облыстың 4 өңірінен 8 команда қатысты (2022 жылғы мамыр).
Әр команда өздерінің мектептегі ғылыми қоғамының қызметін ашатын шеберлік сыныбын ұсынды. Байқау ережесінің шарттарына сәйкес командалардың жұмысын А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тәжірибелі оқытушылары бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар мен топ жетекшілеріне мектеп ғылыми қоғамдарының жұмысы бойынша ұсынымдар берілді.
2022 жылғы конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Сонымен қатар үш мектептік ғылыми қоғам номинациялармен марапатталды:
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!