«Оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту» вебинары

     

    2021 жылғы 15 ақпанда жұмыс жоспарға сай «Оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту» вебинары өтті.

    Оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесін Жітіқара ауданының № 3 мектеп-лицейінің педагогтары ұсынды. Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л.Жултаева мектепте жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентін пайдалану арқылы зерттеу мәдениетін кезең-кезеңмен қалыптастыру жүйесін ашты. Химия және биология пәнінің мұғалімі А.Б. Шукутпаева оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың жеке тәжірибесімен бөлісті, ол жобамен жұмыс істеу кезеңдері туралы, жобалармен жұмыс істеу кезінде қиындықтар туғызған және олардың қалай шешілгені туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Анжелика Борисовна вебинарға қатысушыларға жобалармен жұмыс істеу кезінде не нәрсеге назар аудару керек, балаларға қызықты болу үшін жобаның тақырыбын қалай анықтау керек, жобаның зерттеу бөлігін ұйымдастыруда қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болатындығы туралы ұсыныстар берді.  

    Спикердің сұрақтарына жауап берген және рефлексияға қатысқан вебинар тыңдаушылары да жұмысқа тартылды. Сауалнама мен рефлексияның көмекші платформасы ретінде https://jamboard.google.com пайдаланылды.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 11 өңірінің 41 білім беру ұйымынан 85 педагог қатысты.

    Вебинарға Қостанай қ. № 18 мектеп-гимназиясының, Меңдіқара ауданының Архипов орта мектебінің педагогтері, сондай-ақ Қостанай қ., Жітіқара және Қамысты аудандарының педагогтері аса қызығушылық танытты.