«Мектепте жобалық және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» вебинары
2023 жылдың 20 ақпанында облыспедагогтарына арналған «Мектептежобалық және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» атты облыстық вебинар өтті. Әулиекөл ауданының Новоселовка жалпы білім беретін мектебінің педагогтары осы бағыттағы жұмыс тәжірибесі туралы таратып айтыпберді.
Мектеп мұғалімдерінде оқушылармен жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің үлкен және қызықтытәжірибесіжинақталған: мектеп облыстық «Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы»конкурсының қорытынды кезеңіне қатысып, «Жүйелілік және мазмұндылық»номинациясын жеңіп алды, ал оқушылар Республикалық «Зерде» жобаларконкурсының жүлдегерлері атанды.
Вебинар спикерлерініңәрқайсысыоқушылармен жұмыс істеудіңең тиімді түрлері мен әдістері туралы әңгімелеп берді. Педагогтарвебинардың барлық қатысушыларынсабақтарда да, мектепішілік ғылымиқоғамныңжұмысында да белсенді қолданылатынплатформаларментанысупроцесінетартты. Вебинарға қатысушылар өз білімдерін сынапкөрді: сұрақтарғажауапберді және тапсырмаларды орындады.
Жобалармен жұмыс істеудіңтиімді әрі қадамдық алгоритмін М.В. Сероус және К.В. Сероускөрсетті: тақырыптытаңдау, материалдаржинау, талдау және эксперимент, ғылыми конференциялар мен аудандық және облыстық деңгейдегіжобаларконкурстарышеңберіндежобалардыұсынуғақорытындылау және дайындау.
Вебинарға Қостанай облысының 9 өңірінен 18 білім беру ұйымының 37 педагогы мен әдіскері қатысты.
Вебинардыңбейнежазбасын мына сілтеме арқылы біздің арнадан қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ