«KOSTANAY PROJECT» әлеуметтік және ғылыми бастамалар фестивалінің қорытындысы

     

      

     

    Ағымдағы жылдың 11-12 қазанында «KOSTANAY PROJECT» әлеуметтік-ғылыми бастамалар фестивалінің қорытынды кезеңі өтті.

    Фестивальдің мақсаты: оқушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру.

    Ғылым мен инновация негізгі әлемдік басымдықтардың бірі болып қала береді. Ғылымсыз және жаңа инновациялық технологияларды енгізусіз экономикада да, кез-келген басқа салада да жетістікке жету мүмкін емес, сондықтан жас талантты ғалымдарды қолдау өте маңызды.

    Ғылым – бұл абстрактілі идеялар емес, нақты әзірлемелер, технологиялар және тіпті дайын өнімдер екенін түсінетін осы мектеп, колледж және университет қабырғасында жаңа буын ғалымдары қалыптасуда.

    Финалдық кезеңге 67 оқушы мен студенттер қатысты, олардың 34 – і жүлделі орындарға ие болды: I – 10, II – 14, III-10 оқушы.

    Қазылар алқасы жобалардың зерттеу және ғылыми тәсілдерін, Start-up және бизнес идеяларды әзірлеудің жоғары деңгейін атап өтеді, сондай-ақ мектеп және студенттер қоғамдастығының жыл сайын әлеуметтік маңызы бар жобаларды құруға, елде экологияны сақтауға деген қызығушылығы артып  келе жатқаны қуантады.

    Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

    Қатысушылардың грамоталары мен сертификаттары кейінірек ұсынылады.

     

    ИТОГИ