«Деформация - серпімділік күші, Гук заңы» вебинары

     

      

     

     

     

    2022 жылдың 12 сәуірінде «Деформация  - серпімділік күші, Гук заңы» вебинары өтті.

    Вебинарды Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Арайлым өткізді. Вебинар барысында педагог «Деформация» тақырыбы бойынша материалды түсіндіру және ұсыну әдіс-тәсілдерімен және  сабақтың осы тақырыбы бойынша рефлексияны қалай өткізуге болатындығымен бөлісті.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 5 өңірінен 17 педагог және әдіскерлер қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.