«Дарындылықты дамыту – ұстаз парызы» облыстық семинары
1 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Жангелді жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Дарындылықты дамыту - ұстаз парызы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорының дарынды балалармен жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.
Мұғалімдер күні қарсаңында оқушылар мен педагогтар музыкалық нөмірлерін көрсетті, осылайша жағымды атмосфера құрылды.
Семинар пленарлық және секциялық бөлімдерден тұрды және қатысушылардың шеберлік сыныптары, баяндама материалдарының презентациялары түрінде өтті. Семинардың барлық қатысушыларына квест-ойынға және шеберлік сыныптарына тікелей қатысу мүмкіндігі берілді.
Дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен Жангелді жалпы білім беретін мектебінің педагогтары ғана емес, сонымен қатар А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы, Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы, Степанов, Первомай, Теңіз, Буденный және Краснопреснен мектептерінің педагогтері де бөлісті.
Секциялық баяндамалар аясында аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, география, математика, технология, химия, тарих, математика пәндерінің мұғалімдері жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ тәрбиешілермен және мектеп директоры орынбасарларымен дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың тәрбиелік аспектілері ашылды.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар үшін Боровскойға экскурсия ұйымдастырылды және ол көптеген жағымды эмоциялар тудырды.