«Дарынды балалармен жұмыс жасаудың инновациялық әдістері – ел болашағының интеллектуалды әлеуетіне қосылған үлес» тақырыбындағы облыстық семинар

     

    2021 жылы 15 қаңтарда шығармашылық бастамашыл топтардың жетекшілеріне арналған «Дарынды балалармен жұмыс жасаудың инновациялық әдістері – ел болашағының интеллектуалды әлеуетіне қосылған үлес» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары спикер ретінде жұмыс істеді: Утегенова Бибикуль Мазановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының профессоры; Шалгимбеков Айбек Батырханович, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті; Шалгимбекова Кенжегуль Сапышевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бас маманы.

    Семинардың теориялық бөлімінде Бибикуль Мазановнамұғалімдермен, оқушылармен және студенттермен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар педагог ретінде оқушылардың ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастыру мен басқаруда әдіснамалық нұсқаулар тақырыбын көтерді. Ол өз сөзінде қатысушыларға оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда жетекшіліктің концептуалды сипаты мен әдістері туралы, ғылыми-зерттеу тәсілдері туралы, зерттеудің әдіснамалық негіздері туралы егжей-тегжейлі және анықтап айтып берді. Мұғалімдерге мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны мен ресурстық қамтамасыз етілуі туралы мәселе ерекше қызықты болды.

    Практикалық бөлімде Кенжегуль Сапышевнамен Айбек Батырханович Шалгимбековтер дарынды оқушылармен жұмыста өздерінің мұғалімдік, оқытушылық және ғылыми тәжірибелерінен: олардың дарындылығы мен зерттеу әлеуетін анықтау және дамыту, орта мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы мысалдар келтірді және қатысушылармен дарынды балалармен жұмыс кезінде, атап айтқанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде жиі кездесетін мәселелерді шешу жолдларымен бөлісті.

    Семинар соңында қатысушы мұғалімдер спикерлерге сұрақтар қойып, семинар тақырыбы бойынша пікір алмасты.

    Семинарға Қостанай облысының 20 аймағынан 100 мұғалім қатысты.