«Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру» атты облыстық вебинары
- Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары;
- Сабақта қолдануға болатын жаңа технологиялар (сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту, саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық және ойын технологиясы);
- Рейтинг жүйесінің артықшылықтары оқушы қызметінде.
2023 жылы 16 қаңтар күні «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының» педагог-модератор санатындағы биология пәнінің мұғалімі Букпенова Асел Мухамбетовна «Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында вебинарөткізді.Аталған іс-шара қашықтық түрде,ұсыну тәртібі ZOOM платформасы бойынша өткізліді.
Вебинар мақсаты биология сабағында жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Аталған вебинарда қарастырылған тақыптар, келесідей:
Вебинар жұмысына жалпы білім беретін мектептерінен 11 педагог қатысты. Практика жүзінде аталған технологиялар бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар ұсынылды. Қысқа мерзімді жоспар тақырыбы «Қан. Қанның маңызы. Эритроциттер».Бұл жоспарда сын тұрғысынан ойлау және ойын технологиясы пайдалнылған. Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, «SMS» атты рефлексия жасалды.