«Бастауыш сынып оқушыларын математикалық турнирлерге дайындаудың ерекшеліктері» облыстық семинары
Қостанай облысының орта білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру шарты ретінде әр түрлі деңгейдегі математикалық турнирлерді ұйымдастыру кезінде жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерін дарынды балалармен практикалық жұмысқа дайындау, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында 2020 жылғы 18 қыркүйекте «Қостанай дарыны» ӨҒПО бастамасымен «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық турнирлерге дайындаудың ерекшеліктері» облыстық семинары өтті.
Семинар он-лайн режимінде Google Meet платформасында өтті.
Семинар бағдарламасы бастауыш сынып мұғалімдері: Лязат Аубакировна Каримова, Ботагоз Каратаевна Дуненбаева, Қостанай қ. № 24 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, Қостанай қ. Физика-математикалық лицейінің мұғалімі Ирина Васильевна Эмтердің осы бағытта бастауыш сынып оқушыларын дайындайтын, балалары жыл сайын облыстық ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары нәтижелер көрсететін баяндамаларын қамтыды.
Сонымен қатар семинарға математика мұғалімі Ибрагим Жоржевич Ибатулин, педагог-шебер, «РФММ» КеАҚ Нұр-Сұлтан қ. филиалының бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі үйлестіруші және Қостанай қаласының А.Байтұрсынов атындағы Өңірлік мемлекеттік университетінің физика-математикалық және жалпы техникалық пәндер кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Берик Нуртазинович Демисенов қатысты.
Семинардың тыңдаушылары дарынды балаларды математикалық турнирлерге дайындайтын бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ осы бағыттағы педагогтардың жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлер болды.
Семинарға Қостанай облысының 13 өңірінен 100-ден астам адам қатысты. Семинар тақырыбына Меңдіқара ауданы, Рудный және Қостанай қалаларының педагогтары аса қызығушылық танытты.
Семинар материалдарымен «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасы мен сайтында танысуға болады.