«Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу тілі теориясын жетілдерудегі әдіс-тәсілдер» атты облыстық вебинары
2021 жылдың 10 маусымында «Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу тілі теориясын жетілдерудегі әдіс-тәсілдер» атты облыстық семинары өтті.
Әдебиет сабағында Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жулдызай Мураталиевна Кокышева сөйлеу теориясын оқыту бойынша өз тәжірибесімен таныстырды.
Жулдызай Мураталиевна әдебиет сабағында қолданатын әдіс-тәсілдер туралы айтып, сөйлеу теориясын зерделеу бойынша жұмыс түрлерін ұсынды.
Вебинарға облыстың 5 өңірінен 31 қатысушы қатысты. Вебинар материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.