«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІІ Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы
- Базарбаев Хайдар, Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі;
- Баймухамбетов Назар, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты;
- Сергеев Никита, Горохов Кирилл, Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы онлайн режимінде ү.ж. 5-6 мамырында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІІ Халықаралық ғылыми жарыс өткізді.
Жарыс оқушылардың ғарышкерлік, инфрақұрылымның ғарыштық технологиялар және модельдеу, астрофизика салаларындағы қолданбалы зерттеулерге ғылыми-зерттеу қабілеттерін ынталандыруға бағытталған.
Республика қалаларынан, сондай-ақ жақын шет елдерден тікелей эфирде жас зерттеушілер өз жобаларын ұсынды, қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде мына 5 секциялардың бірінде өнертабыс, теория немесе жоба туралы баяндайтын жеті минуттық презентация ұсынды: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Ғаламның эволюциясы», «Күн жүйесі».
Қазылар алқасы 161 қатысушының 116 жобасын тыңдады. Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 10 қатысушы – І дәрежелі, 15 қатысушы – ІІ дәрежелі, 26 қатысушы – ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Қостанай облысы Қостанай қаласы мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9 авторының 8 жобасын ұсынды. 6 автордың 5 жобасы ғылыми жарыстардың жүлдегері атанды:
II дәрежелі дипломмен марапатталды: Глоба Богдан, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты;
II дәрежелі дипломмен марапатталды: Абдрашев Нуралы, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты;
III дәрежелі дипломдармен марапатталды:
Жарыс ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.