Информатика пәні бойынша оқыту семинары

         Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 2 қарашада Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында Қостанай облысының дарынды балаларға арналған инновациялық, аралас және мамандандырылған білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Информатикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты оқыту семинары өтті.

    Жаттықтырушы ретінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі  Бахтияр Жұмалыұлы Жарлықасов шақырылды.

           Семинарды өткізу барысында облыс мектептерінен 15 педагог аса күрделі тапсырмаларды шешті.

    Аталған іс-шараның соңында өткізілген рефлексия оқыту семинарының  қатысушылар үшін мазмұнды болғанын көрсетті.

           Тыңдаушыларға «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттары берілді.