Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

    2020 жылдың 5-6 қаңтарында Қостанай қаласының № 3 мектеп-гимназиясы (ҚГБ пәндер) және Қостанай қаласының № 22 орта мектебі (ЖМБ пәндер) базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

    Олимпиадаға 466 қатысушы қатысты, оның ішінде 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша  61 бірінші, 71 екінші және 75 үшінші орын алған Қостанай облысы мектептерінің 207 оқушысы жүлдегер атанды.

    Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық мектеп» номинациясы бойынша Қостанай қ. С. Мәуленов атындағы гимназия (ҚГЦ бағыты) және дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты (ЖМЦ бағыты) аталды. «Үздік ауыл мектебі» номинациясы бойынша Федоров ауданының М. Мәметова атындағы № 4 Федоров орта мектебі жеңімпаз атанды.

    Сондай-ақ, «Үздік олимпиадалық команда» номинациясының жеңімпаздары анықталды

     – аудан арасында - Амангелді ауданының командасы;

     -  қалалар арасында - Қостанай қаласының командасы.

    2020 жылғы 7 қаңтарда Қалалық балалар шығармашылығы мектебінде өткен оқушылардың облыстық олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Қостанай қаласының жоғары оқу орындары мен Астана қаласының Халықаралық университеті  өздерінің білім гранттарын табыс етті:

    - Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті:

    Орыс тілі мен әдебиеті-Тетерева Ангелина (Қостанай ауданы, Затобол мектеп-гимназиясы);

    Тарих – Габпар Гулхан (Қостанай ауданы, Қостомар ОМ);

    Биология-Телятник Ольга (Федоров ауданы, Димитров атындағы №1 ОМ.)

     

    - Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті:

    Электр энергетикасы - Қабиев Назарбек  (Ы. Алтынсарин ат.ДБМ);

    Транспорт - Бораншы Бейбарыс (Алтынсарин ауданы, Ы.Алтынсарин ат. Обаған ОМ);

    Стандарттау - Видлацкий Артем (Рудный қ., №5 гимназия)

     

    - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:

    Математика-Медиубаев Амир  (Рудный қ., №5 гимназия);

    Химия - Лодяная Анастасия (Қостанай қ., № 2 мектеп-лицейі);

     

    - М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті:

    Экономика - Ахметова Мадина (Қостанай қ., ФМЛ);

    Экономика - Кусеева Анара (Қостанай ауданы, Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы.)

     

    Астана халықаралық университеті

    Математика - Медиубаев Амир (Рудный қ., №5 гимназия);

    Ағылшын тілі - Бурдужан Ксения (Лисаков қ., № 6 орта мектебі);

    Химия - Лодяная Анастасия (Қостанай қ., № 2 мектеп-лицейі);

    Физика - Малоземова Елизавета (Қостанай қ. М. Горький ат. гимназиясы);

    Биология - Бережной Егор (Қостанай қ., № 19 орта мектебі).